424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеке қорғаныш құралдарының өндірісі қолға алынды

  • 81
  • UPD: 15:24, 15.09.2020
Жеке қорғаныш құралдарының өндірісі қолға алынды

Павлодарлық бір топ ғалым мен студент бір айда бес мыңға жуық жеке қорғаныш құралын өндіруді қолға алды.

Жоба авторларының айтуынша, жаңашыл өнімнің отандық нарықта баламасы жоқ. Себебі, комбинезондар сапалы матадан тігіліп, адам ағзасына зиянсыз болады. Сонымен қатар бірнеше рет пайдалануға жарамды. Ғалымдар жобаны жүзеге асырмас бұрын маркетингтік сараптама жасап, тауар бәсекеге қабілетті болуға лайық деген байламға келді. Қазіргі уақытта өнім сертификаттаудан өтуде. Алдағы уақытта шағын өндіріс іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Өнім мемлекеттік стандарттарға сай. Нарықтағы сұранысы артқан жағдайда өндірістік қуаттылықты 10 мың данаға дейін көбейтуге мүмкіндік бар. Бүгінгі күні жергілікті медицина мамандары қорғаныш заттарын көріп, сапасына оң бағасын беріп үлгерген.

Аида Омарова, Phd докторы:

– Баға жағына келетін болсақ, өнімнің құны нарықта қолжетімді болады. Бұған дейін біз маркетингтік сараптама жасадық. Қорғаныш құралы сапалы әрі табиғи матадан тігіледі.

Теміржан Қарбаев, жоба авторы:

– Өніміміздің артықшылықтары көп. Біріншіден, өнім ағзаға зиян келтірмейді. Екіншіден, бұл – отандық өнім және отандық ғалымдардың жобасы. Үшіншіден, жеке қорғаныш құралдарын бірнеше рет пайдалануға болады. Төртіншіден, киім-кешек бактериялар мен вирустарды өткізбейді.

Хабар 24 телеарнасы