426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ата-аналар мектептің барлық шығынын бақылай алатын болады

  • 118
  • UPD: 15:15, 15.09.2020
Ата-аналар мектептің барлық шығынын бақылай алатын болады

Бұл туралы Еліміздің білім және ғылым министрі хабарлады.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, енді барлық бюджеттік шығын сайтта көрсетіліп тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, қазынадан бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын кез келген адам біле алады. Құзырлы ведомство басшысы келтіргендей, жоба білім беру мекемелерін қаржыландыру тиімділігін арттырады. Алайда бастаманың қашан қолға алынатыны әлі белгісіз. Сондай-ақ министрдің айтуынша, әр жанның басына шаққандағы қаржыландыру есебінен қаладағы мектептерге қосымша 28 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 30 мың компьютер, планшет және 13 оқушы партасы сатып алынып, білім мекемелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы