420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жоғалған 9 жасар бала автобустан табылды

  • 90
  • UPD: 16:35, 15.09.2020
Семейде жоғалған 9 жасар бала автобустан табылды

Семей қаласының полиция қызметкерлері жоғалып кеткен баланы автобустан тауып алды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 қыркүйек күні сағат 15:51-де 102 арнасына қоңырау шалған Холодный ключ кентінің тұрғыны бір күн бұрын үйден шығып кеткен 9 жасар ұлының із-түзсіз жоғалғанын айтқан. Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары куәгерлер арқылы жоғалған баланың сипаттамасына сәйкес келетін жеткіншектің №39 автобусқа отырғанын анықтады. Полицейлер бірден Бобровка кентіне қарай бағыт алған қоғамдық көлікке тексеру жүргізуге аттанған.

«Автобус «Калинка» аялдамасына тоқтаған кезде жоғалған бала қоғамдық көліктен түсіп бара жатты. Құқық қорғау органының қызметкерлерін көрген ол қаша жөнелген. Сақшылар жылдам қимылдап, баланы ұстап алды да, шошытып алмас үшін онымен сөйлесіп, көлікке отырғызған. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етпегенде жеткіншекті іздестіру ұзаққа созылуы мүмкін еді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта Әлішер анасына аман-есен табысталды. Әйел адам өз кезегінде сөйлей алмайтын, адасып кетуге бейім ұлын іздеуде жедел әрекет еткен полицейлерге алғысын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы