420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы жанданады

  • 113
  • UPD: 17:01, 15.09.2020
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы жанданады

20 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы жанданады.

Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 3 қыркүйектегі шешіміне сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 20 қыркүйектен бастап Қырғызстанға халықаралық рейстер қайта жаңартылады.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстер «Эйр Астана» әуе компаниясымен Алматы – Бішкек бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен жүзеге асырылады (сейсенбі, жексенбі).

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (термометрия, әлеуметтік дистанция, маска режимі және т.б.) қатаң сақтай отырып орындалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы