424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да үш күнде борышкерлерден 26 млн теңге өндірілді

  • 109
  • UPD: 18:18, 15.09.2020
ШҚО-да үш күнде борышкерлерден 26 млн теңге өндірілді

Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» шарасының үш күнінде әкімшілік жазадан жалтарған көлік жүргізушілерінен 26 миллион теңге өндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, азаматтардың көбі айыппұлы жиналғанын білсе де, салғырттық танытып жүре береді. Сондықтан осындай алдын алу жұмыстарын өткізуге тура келеді. Ал тиісті айыппұлдан мүлдем бас тартып, қашып жүрген жүргізушілерге қолданылатын шара қатаңырақ. Мәселен 75 мың теңге берешегі болса да, бірнеше ай қатарынан бой тасалап келген 30 жастағы өскемендік азаматтың көлігі бірден айыппұл тұрағына жіберілді. Осындай тағы 9 автокөлік аталған тұраққа мәжбүрлі түрде қойылды.

Ернар Құтанбаев, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

- Заңнамада борышкерлер әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап жеті тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен айыппұл сомасын 50%-пен төлеуге құқылы. Сондай ақ айыппұл уақытында төленбеген жағдайда айыппұл салу туралы қаулылар мәжбүрлі органдарға жоданылады.

Хабар 24 телеарнасы