426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында мал ұрлығы 33%-ке төмендеді

  • 108
  • UPD: 18:32, 15.09.2020
Қызылорда облысында мал ұрлығы 33%-ке төмендеді

Қызылорда облысындағы «Үшінші интернационал» ауылында соңғы 15-20 жыл көлемінде мал ұрлығы болмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Барымташылардың бұл ауылдан алыс жүруінің бір себебі – бақташы қызметінің жүйелі жолға қойылғандығы. Дегенмен, жауапсыз мал иелері де аз емес. Мәселен, облыс бойынша 141 ауылдың тек 68-інде ғана өріске малды бақташы алып шығады екен. Өңірде биыл тіркелген мал ұрлығына қатысты деректердің жартысынан көбінде төрт түлік өрісте қараусыз жүрген жерінен жоғалған.

Гүлжахан Қайырбергенова, облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы:

- Бүгінгі таңда мал ұрлығы қылмыстарының тіркелуі Қызылорда облысында былтырғы жылмен салыстырғанда 33%-ке, яғни 258-ден 173-ке төмендеді. Жалпы мал ұрлығының 54%-і қараусыз, бақташысыз өрістен ұрланып отыр. Бүгінгі таңда облыс бойынша мал ұрлығымен айналысқан 13 қылмыстық топ құрықталды, 43 эпизодты құрайтын қылмыстар әшкереленді.

Хабар 24 телеарнасы