420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

  • 58
  • UPD: 20:19, 15.09.2020
Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Президентке жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құрудың тәсілдері, оның ішінде Агенттік Ережесінің жобасы, штаттық саны мен оның жылдың соңына дейінгі қысқа мерзімде атқаратын қызметі туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды толғандырған мәселелер мен ұсыныстарды сараптап, пысықтауды, сондай-ақ, Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған міндеттерді іске асыруды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы