Бұл туралы бүгін Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XV кездесуінде мәлімдеді.
Ол санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы қауіп-қатерлердің ерекше өзектілігін де атап өтті.
«Сондықтан практикалық өзара іс-қимылды жолға қою керек»,- деді. Атап өтейік, жиын бейнеконференция форматында өтті. Тараптар ұйым кеңістігіндегі қауіпсіздіктің ахуалын талқылады. Терроризм, экстремизм, сепаратизм мен есірткінің заңсыз айналымына тоқсауыл қою жайын пысықтады. Трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимылды жетілдіру мен халықаралық ақпараттық қауіпсіздік мәселесі де сөз болды. Әсет Исекешев Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін еліміз ынтымақтастықты нығайтуды қолдайтынын растады.
