426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар зейнетақы қоры үшін салық салмауды сұрайды

  • 95
  • UPD: 21:27, 15.09.2020
Депутаттар зейнетақы қоры үшін салық салмауды сұрайды

Зейнетақының бір бөлігі елдің қолына тисе, одан салық алынбауға тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Nur Otan» партиясының депутаттары «заңға өзгеріс енгізу қажет», дейді. Өйткені Президент Жолдауында пандемия кезеңінде халыққа демеу болу жайы көрсетілген. Демек, тиісті қаражат та толық көлемде берілуі керек.

Артур Платонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Үкіметтің әрекеті заңдық тұрғыда дұрыс. Дегенмен, бұл көмек болған соң біз оның механизмін қайта қарауды сұраймыз. Қазір мемлекет экономикаға триллиондаған қаржы бөліп отыр. Бұл қаражат елде қалады. Ал Президенттің Жолдауын түйіндей отырып, «Nur Otan» партиясы осынау қиын шақтағы көмектің толық көлемде көрсетілуін дұрыс деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы