420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы суару жүйесін жаңарту керек

  • 66
  • UPD: 00:41, 16.09.2020
Алматы облысындағы суару жүйесін жаңарту керек

Суды тұтынатын шаруа қожалықтары ауыспалы егістікті тиімді пайдаланбай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мәселе бүгін Балқаш-Алакөл бассейні кеңесінің онлайн форматында талқыланды. Жалпы биыл Жетісу өңірінде қуаңшылық болды. Бұған өңірде жауын-шашынның аз түсуі мен өзен-көлдердегі су деңгейінің төмендеуі себеп. Өңірдегі өзен-сулардан тартылған арналарды механикалық тазалау бойынша ауқымды жұмыс атқарылуы қажет. Қапшағай су қоймасындағы судың күрт төмендеуінен Балқаш ауданы мен Шеңгелді аймағындағы егін алқаптарының да көлемі азайған.

Сағадат Нұрғазиев, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары:

- Өзіміздің суғару жүйеміздің барлығы әбден тозығы жеткен. Қазір біз облысқа ұсыныс беріп жатырмыз. «Ең құрығанда жұмыс жасап тұрған станцияларды жаңартайық, су жүйесін қайтадан ауыстырайық, күрделі жөндеуден өткізейік» деген. Осы бассейндік кеңесті пайдалана отырып, біздің суару жүйелерін жаңартуға немесе жөндеуден өткізуге бір ұсыныс ретінде пункте көрсетілсе дейміз. Неге десеңіздер, мынандай жағдаймен біз әрі қарай бұлай бола беретін болса, ендігі жылы егіндікті іске асыру бұлай қиындық туғызса, елдер бәрін тастайды да, кетіп қалады.

 

Хабар 24 телеарнасы