421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сырым» шекара бекетіндегі кептеліс мәселесі шешімін тапқан жоқ

  • 95
  • UPD: 01:18, 16.09.2020
«Сырым» шекара бекетіндегі кептеліс мәселесі шешімін тапқан жоқ

Батыс Қазақстан мен Ресейдің Самара облысы арасындағы «Сырым» өткізу бекетінің аумағы ұлғайғанымен мәселе шешілген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Самара – Шымкент халықаралық тас жолымен қатынайтын ауыр жүк көліктері шекара бекетінде тәуліктеп тұруға мәжбүр. Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының айтуынша, көлік ағынының бұлай көбеюіне Қостанай мен Павлодардағы өткізу бекеттеріндегі жөндеу жұмыстары себеп. Сонымен бірге бекет арқылы қос тарапқа қатынайтын көліктерді рәсімдейтін қызметкерлер саны бұрынғыша қалған. Түйткілді мәселеге орай рейд ұйымдастырған мониторингтік топ өкілдері сараптамалық бақылау қызметіне қатысты бірқатар кемшіліктерді анықтаған.

Нұрдәулет Сәмет, облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының  бірінші орынбасары:

- Себептерінің бірі – техникалық қамтамасыз етілуі өте нашар. Ең біріншіден, интернеті өте төмен. Интернетпен қамтамасыз ету үшін қызметкерлер өзінің ұялы телефондарын қолданып ресейлік сим-карталарды қолданып, соған өздерінің қалтасынан ақша шығарып, интернетпен қамтамасыз етіп отыр екен. Екіншіден, өздерінің компьютерлік қамтамасыз етілуі де нашар. Ішіндегі бағдарламалар ескірген. Ол ең біріншіден, тексеру процесін баяулатады.

Хабар 24 телеарнасы