420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Jas Otan» жастар қанаты жаңа бағдарлама қабылдады

  • 49
  • UPD: 02:22, 16.09.2020
«Jas Otan» жастар қанаты жаңа бағдарлама қабылдады

«Жастар – Отанға!» бағдарламасы 5 бағыт бойынша қолдау көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сапалы білім беру, азаматтық белсенділікті арттыру, жұмысқа орналастыру, баспанамен қамту және тұлғалық дамуына мүмкіндік жасау мәселелері қамтылған. Бұл туралы «Jas Otan» төрағасы Елнұр Бейсенбаев айтты. Бағдарлама алдағы 5 жылға арналған. Осы уақыт ішінде 30 мың түлек «Дипломмен ауылға» жобасына қатысады. 100 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылса, 6000 адам баспаналы болады деген жоспар бар. Сондай-ақ жүздеген жас кәсіпкерлік негіздерін оқиды. Жалпы жастар қанатының өңірлерде 17 филиалы жұмыс істеп тұр. Ел бойынша 100 мыңнан астам мүшесі бар. Жастар партиясы осы уақытқа дейін 121 ірі жобаны іске асырған. 70 мың түлек

Елнұр Бейсенбаев, «Jas Otan» ЖҚ төрағасы:

- Пандемия уақытында біз 5000 жасты қатарымызға жинастырып, «Бір біргеміз» акциясы аясында 1,2 млн халыққа тікелей әлеуметтік себеттерін тасумен көмектестік. Сонымен қатар 5 млн тегін маска тараттық. Осының бәрі  «Jas Otan» жастар қанатындағы волонтерлердің күшімен. Бізбен бірге қатарласып жүрген басқа ұйымдардың волонтерлерінің күшімен тікелей іске асқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы