420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

  • 56
  • UPD: 02:46, 16.09.2020
Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасыға «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Кездесу барысында агенттіктің халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік органдар бюджетінің ашықтығы мен айқындығын арттыру, сондай-ақ осы үдерісте азаматтық қоғам өкілдерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы айтылды.

Хабар 24 телеарнасы