429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменнің ауасын қоғамдық көліктер ластап жатыр

  • 118
  • UPD: 08:49, 16.09.2020
Өскеменнің ауасын қоғамдық көліктер ластап жатыр

Өскеменнің ауасын қоғамдық көліктер де ластайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазір шаһарда жолаушылар тасымалдайтын әрбір екінші автобус эко-талапқа сай келмейді», – десті арнайы рейдтен соң Экологтар мен Полиция департаментінің инспекторлары.

Қаладағы автопарктер экологиялық талаптарды қағаз жүзінде ғана орындап отыр. Қазір тасымалда жүрген қоғамдық көліктердің 70%-ы әбден тозған. Әрбір ескі автобус ауаға түтінмен бірге 450-ден аса улы зат шығарады. Қала әкімдігі коммуналдық автопарк құрып, автобустарды жаңарту жөнінде айтып келе жатқанына 5 жыл болды. Әзірше ол жоба тек жоспар күйінде ғана қалып отыр. Ал қазіргі автобустар қаланы көк түтінге көміп жүр.

Дмитрий Корешков, облыстық Экологиялық қауіпсіздік орталығының бас маманы:

– Біз бір сағаттың ішінде 9 автобусты тексердік. Сол жерде 5 автобустың мүлде талапқа сай келмейтіні анықталды. Арнайы құралмен өлшегенде ауаға қалыпты мөлшерден бірнеше есе артық түтін және улы газ шығаратынын көрсетті. Мәселені тек жаңа автобустар сатып алу арқылы ғана шешу керек. Басқа жол жоқ.

Хабар 24 телеарнасы