420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде колледж қызметкері онлайн дәріс беру платформасын жасап шығарды

  • 67
Ақтөбеде колледж қызметкері онлайн дәріс беру платформасын жасап шығарды

Енді жүйе арқылы білім береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қашықтан оқыту үрдісіне көшкелі бері еліміздегі білім беру мекемелері қолданатын ортақ бағдарламалар тұтынушылар санының көптігіне шыдас бермей қалатын. Сондықтан аталмыш колледждегі мамандар өз платформасын жасауға кіріскен. Жаңа жүйеге қойылған басты талап – дәріс беруді барынша оңтайландыру. Нәтижесінде әрбір топтың журналынан бастап, барлық оқушы мен ұстаздың жеке парақшасы тіркелген. Бұл қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал автоматты бақылау алгоритмі білім алушылардың үй тапсырмасын бір-бірінен немесе интернеттен көшіріп алмауын қадағалайды. Қазір бұл оқу ордасында 1000-нан астам оқушы білім алады. 1-курсқа 436 жасөспірім келген. Ұстаздар: «Оларды әлі көргеніміз жоқ», – дейді. Бірақ онлайн білім беру платформасы арқылы әрқайсысының үлгерімі мен біліміне тиісті баға беруге мүмкіндік бар.

Жанна Есқалиева, колледж оқытушысы:

– Бұлш платформа қазір мектептер мен басқа колледждердің пайдаланып жатқан платформасына қарағанда өте ыңғайлы. Себебі біз сабақты жүктеп қана қоймай, студенттерді толық бақылап отырамыз. Қай уақытта кіргенін, қай уақытта жүктегенін, бізге қай уақытта тапсырманы кейін қарай жібергенін және студенттік сабаққа қатысуын қадағалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы