423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экология саласындағы құқықбұзушылықтар саны екі есе азайды

  • 92
  • UPD: 10:19, 16.09.2020
Экология саласындағы құқықбұзушылықтар саны екі есе азайды

Елімізде 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында 459 экологиялық қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе аз.

Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 974 құқықбұзушылық тіркелген. Көрсеткіш те төмендеді, өткен жылмен салыстырғанда 10,7%, деп хабарлады ranking.kz.

Жеті айдың қорытындысы бойынша экологиялық құқықбұзушылықтардың ең көп саны Атырау облысында тіркелді: 73 жағдай, бір жыл бұрынғыдан 14,1% артық. Құқықбұзушылық көп тіркелген алғашқы үштікке сондай-ақ Батыс Қазақстан (49 жағдай, +19,5%) және Түркістан (48 жағдай, –26,2%) облыстары кіреді.

Жыл басынан бері экологиялық қылмыстық құқықбұзушылықтардың салдарынан келтірілген материалдық шығынның белгіленген мөлшері 953,8 млн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2% аз. Оның ішінде 99,1% мемлекетке келтірілген материалдық залал мөлшері, 0,9% – заңды тұлғаларға 0,1% – жеке тұлғаларға.

Хабар 24 телеарнасы