426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаржы министрлігі: айыппұл салынады деген ақпарат жалған

  • 99
  • UPD: 13:49, 16.09.2020
Қаржы министрлігі: айыппұл салынады деген ақпарат жалған

«1 қазанға дейін салық қарызын өтемегендерге 20 мың теңге шамасында айыппұл есептеледі» деген ақпарат жалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржы министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Жеке тұлғалар бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы ағымдағы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі. Қолданыстағы Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі. Сондай-ақ жыл аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық процесі жүруде. Оның ережелеріне сәйкес жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы