426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


80 мың ерекше баланың ата-анасына нақты қолдау қажет

  • 84
  • UPD: 13:47, 16.09.2020
80 мың ерекше баланың ата-анасына нақты қолдау қажет

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатқан жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық сауықтыру орталықтарында емделу үшін квотаны айлап күтуге мәжбүр. Арнайы комиссияның шешімі де уақытылы шықпайды. Ал өңірлердегі үйлестіру және оңалту кабинеттері дұрыс жабдықталмаған.

Парламент Мәжілісінің депутаты Шакир Хахазов Үкіметке депутаттық сауал жолдап, осы проблемаларды шешуді сұрады. Оның айтуынша, ерекше күтім мен тәрбиені қажет ететін 80 мың баланың ата-анасына нақты қолдау керек. Әсіресе баспанамен қамту мәселесі өзекті болып тұр.

Елде әлеуметтік қызметкерлер жетіспейді. Гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмек уақытылы жеткізілмейді. Осы орайда депутат бөлек бағдарлама жасап, оңалту шараларын қолжетімді қылу қажеттігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы