426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«28 ілмек» клубы перзентханаға 900-ге жуық киім тапсырған

  • 94
  • UPD: 13:46, 16.09.2020
«28 ілмек» клубы перзентханаға 900-ге жуық киім тапсырған

Шала туған шақалақтардың тез жетілуіне табиғи жүннен тоқылған киімдердің көмегі зор, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ретте «28 ілмек» атты қайырымдылық клубының Петропавлдағы өкілдері бірнеше жылдан бері мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилерге шұлық, күртеше, жамылғы және ойыншық тоқиды. Оларды перинаталдық орталыққа тегін үлестіреді. Мейірімді жандар қолдары қалт етсе, кез келген жерге жиналып, жоспарларын жүзеге асыра береді.

Әсемгүл Қақпенова, қайырымдылық клубының өңірдегі үйлестірушісі:

– Жүннен тоқылған киім балаға жылулық қана емес, өмір де сыйлайды. Табиғи бұйым сәбидің қан айналымын жақсартады. Бұл ғылыми түрде дәлелденген. Перзентханадағы дәрігерлердің айтуы бойынша біздің өңірде жылына шамамен 300 бала мерзімінен бұрын туылады екен. Ал соңғы екі жылда біз орталыққа 900-ге жуық киім-кешек тапсырдық.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы