420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе тұрғындары бір айдан бері ыстық сусыз отыр

  • 47
  • UPD: 16:32, 16.09.2020

Ақтөбенің қақ ортасындағы тұрғын үйлерде бір айдан бері ыстық су жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған су құбырының жаңартылуы себеп болған. Алайда құрылыс ұзаққа созылып кеткен. Енді оның зардабын тұрғындар көріп отыр. Шыдамдары таусылған соң шағымдарын әлеуметтік желіге жариялаған. Осы арқылы жұмыс жүргізуге тапсырыс берген мекемеден көмек сұрайды.

Жансәуле Дәулетова, қала тұрғыны:

– Мына төрт үйдің адамдары осының кесірінен қанша уақыт бойы сусыз отырмыз. Қазір жуыну былай тұрсын, ыдыс жуу үшін су ысытамыз. Әйтеуір тума-туысымызға барып жуынамыз. Ал бұл кісілерден: «Қай уақытта бітеді?», – деп сұрағанда: «15-20-сы аяқталады», – деді.

Махамбет Әжібаев, мердігер мекеме өкілі:

– 10 қыркүйекте халыққа су беруіміз керек еді. Ресейден алынған материал кешігіп келді. Қазір престеу жасалып жатыр. Жылу беруші мекеменің айтуынша, 17-18-інде қалаға толығымен су беріледі. Сол кезде біздің құбыр да жұмыс жасайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы