424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы шағын қалаға 2 спорт кешені қаншалықты қажет?

  • 88
Қарағанды облысындағы шағын қалаға 2 спорт кешені қаншалықты қажет?

Қарағанды облысының Қаражал қаласында аумағы 5 мың шаршы метрлік алып спорт кешені бола тұра тура іргесінде тағы бір дене шынықтыру сауықтыру кешені салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Небәрі 8 мың ғана халық тұратын шағын шаһарға бұл артық. Қазына қаржысын нағыз қажетті әлеуметтік нысанның құрылысына жұмсауға болар еді», – дейді жергілікті жұрт.

Бір қызығы, облыстық Спорт басқармасы өткен жылы арнайы зерттеу жүргізіп, қалаға екінші спорт нысаны қажет емес деген тоқтамға келген. Сөйтіп жоба қолдау таппай, облыстық бюджеттен қаржы берілмеген. Бірақ қала билігі жергілікті қазынадан 40 млн теңге қаржы бөліп, құрылысты бастап кеткен. Енді жобаны аяқтау үшін облыс бюджетінен тағы ақша сұрамақшы. Ал халықтың қалауы басқа.

– Балаларға демалыс орындары, балабақша салынса екен. Өйткені қазір алыс жерлердегі ата-аналар балаларын бақшаға әкеле алмайды.

– Балабақша кішкентай. Балабақша салғанын қалар едім.

– Кинотеатр керек сияқты. Балаларды дамыту орталықтары да қажет деп ойлаймын. Бір спорт кешенінің өзіне халық аз барады. Екінші рет шығындалудың қажеті не?

– Екі спорт кешені қажет емес. Оның орнына балаларға арналған орталықтар салса игі еді.

Хабар 24 телеарнасы