421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польша Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салынған елдер тізімінен алып тастады

  • 89
  • UPD: 16:25, 16.09.2020
Польша Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салынған елдер тізімінен алып тастады

Польша Республикасы үкіметінің өкімімен Қазақстан 16 қыркүйектен бастап тікелей әуе қатынасына тыйым салған елдер тізімінен шығарылды, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Қазақстанның осы тізімнен шығарылуы COVID-19 таралуына байланысты еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын айғақтайды.

Сонымен бірге, АҚШ, Аргентина, Босния және Герцеговина, Бразилия, Израиль, Ирак, Испания, Катар, Кувейт, Молдова, Перу, Франция, Черногория және т. б. сияқты елдерді қоса алғанда 30 мемлекет тікелей тұрақты әуе қатынасына тыйым салатын елдердің поляк тізімінде қалады. Мемлекеттердің аталмыш тізімін Польша үкіметі әр екі апта сайын шетелдегі эпидемиологиялық жағдай мониторингінің нәтижелеріне байланысты өзектендіреді.

Хабар 24 телеарнасы