420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар Үкіметтен кредиттік амнистия жариялауды сұрады

  • 120
  • UPD: 18:57, 16.09.2020

Карантиндік шектеулер кезінде жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлердің табысы азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда Мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясының бір топ депутаты Үкіметке сауал жолдап, кредиттік амнистия жариялауды сұрап отыр. Олардың айтуынша, шағын және орта бизнес нысандарының 30 проценті банкротқа ұшырауы мүмкін. Яғни жүздеген жұмысшы табыссыз қалады. Қоғамдық тамақтану саласының өндіріс көлемі 53, жеке сауда 45, көлік қызметі 37 процентке төмендеді. Қазір кәсіпкерлердің микрокредит бойынша берешегі 238 процентті құрап отыр. Ал жеке тұлғалар бұрыңғы несиесін жабу үшін жаңадан қарыз алуға мәжбүр. Дегенмен кредиттік амнистия жариялау туралы мәселеге халықтың пікірі әртүрлі. Сауал жолдаған депуттар қаржы бөлудің бірнеше жолын ұсынып отыр.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біздің елде қосымша кірісі бар азаматтар бар. Карантиндік шектеулердің салдарынан қоғамда осындай проблема туындады. Сондықтан қалталы адамдар қиын жағдайда қалған тұрғындарға көмек беруі керек. Той жасауға немесе телефон алуға несие рәсімдегендер туралы айтып отырған жоқпыз. Карантинге дейін жұмыс істеп, мемлекетке салық төлеп келгендер туралы мәселе қозғап отырмыз. Олар амалсыз осындай жағдайға тап болды. Ұсынысымыз бойынша, мемлекеттік апараттың әкімшілік шаруашылық шығындарын қысқарту керек. Сондай-ақ қосымша табысы бар азаматтар мен шетелдік компанияларға салықты көбейту керек.

Хабар 24 телеарнасы