420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы жауапсыз құрылыс компаниялары лицензиясынан айырылуы мүмкін

  • 71
  • UPD: 19:20, 16.09.2020
Оралдағы жауапсыз құрылыс компаниялары лицензиясынан айырылуы мүмкін

Оралда да жол құрылысы сын көтермейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмалиев, Ярослав, Жақсығұлов, Құсайынов көшелерін жаңғырту жұмыстары әлі күнге жүргізілмеген. Ал Әбілқайыр хан, Жәнібек көшелерінің сапасы талапқа сай емес. Міндетіне салғырт қараған кәсіпорындарға тиісті шара қолданылады. Облыс әкімі қара тізімдегі құрылыс компанияларын лицензиясынан айыруды ұсынды.

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:

– Кім жұмысын дұрыс жасамайды, лицензиясынан айыруымыз керек. Келесі жылы мемлекеттік тендерлерге қатыстырмау керек. Бір-екі мысалды көрсетіңіздер, ертең басқаларға сабақ болады.

Хабар 24 телеарнасы