426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда той жасағандар жазаланды

  • 157
  • UPD: 19:17, 16.09.2020
Ақтауда той жасағандар жазаланды

Ақтауда карантиндік шектеулерге қарамастан үйлену тойын жасағандар жазаланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі той да қаладағы мейрамханаларда өткен. Үйленгендердің бірі мемлекеттік қызметші болып шықты. Тығылып той өткізгендердің видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Бейне авторы «Облыстық Энергетика тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы той тойлап жатыр. Күйеу жігіт Маңғыстаудағы ірі мұнай-газ компаниясының бұрынғы басшысының ұлы» деп көрсеткен. Кейін жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Карантин талаптарын бұзған қос тойдың иесіне де, оны өткізуге атсалысқан мейрамхана қожайындарына да айыппұл салынды. Екі күн бұрын табиғат аясында ұжыммен бірге туған күн тойлаған экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысына облыс әкімдігі тарапынан сөгіс жарияланғанын айта кетейік.

Хабар 24 телеарнасы