420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық оқушыларға қашықтан оқуға арналған құралдар берілді

  • 63
  • UPD: 08:39, 17.09.2020
Оралдық оқушыларға қашықтан оқуға арналған құралдар берілді

Үкімет резервінен Оралдағы оқушыларға 500 ноутбук, 600 планшет бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қашықтан оқуға арналған техникалық құралдар әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға табысталды. 80 құрал-жабдық Зачаганск кентіндегі №10 мектеп оқушыларына үлестірілді. Ноутбуктар мен планшеттерге арнайы оқыту платформасы жүктелген. Білім ордаларына қосымша 100 роутер мен сим-карталар сатып алынды. Қалада өтініш берген 4,5 мың отбасының бүгінде 3600-і техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Ал қаланың интернет сапасы нашар аумақтарындағы келеңсіздіктерді жою бағытында құзырлы мекеме ұялы байланыс операторларымен келісім жасауда.

Жадыра Есенғалиева, көпбалалы ана:

– Көпбалалы аналарға көмек көрсетіп жатыр. Көмектесіп тұрады. Көп-көп рақмет айтамын.

Батика Пайдина, қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары:

– Тағы да компьютерлер келеді. Сондай жағдай туып жатса, 7 балалы отбасылар бар, тек 1 ноутбукпен, 1 планшетпен отырған, оларға осы құралдарды жеткізуге мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы