426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде мейрамхана иелері карантиннің қайта енгізілуіне қарсы шықты

  • 78
  • UPD: 09:40, 17.09.2020
Израильде мейрамхана иелері карантиннің қайта енгізілуіне қарсы шықты БелТА

Израильде мейрамхана иелері наразылық акциясын ұйымдастырды. Бірақ олар көшеге шығып ұрандатпай, қарсылығын өзге жолмен білдірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тель-Авивтегі мейрамхана иелері осылайша қатаң карантиннің қайта енгізілуіне қарсы екендерін айтып отыр. 18 қыркүйектен бастап елде мектептер мен балабақшалар, сауда орталықтары, қонақ үйлер мен мейрамханалар жабылады. Бұл карантин еврей Жаңа жылымен тұспа-тұс келіп отыр. Әдетте жергілікті жұрт оны кең ауқымда атап өтеді. Осы ретте мейрамхана иелері коронавирус кесірінен шаш етектен шығынға батып едік, ал жаңа локдаун бизнесті құрдымға кетіреді дейді. Жалпы елде соңғы уақытта індетті жұқтырудың тәуліктік өсімі 4 мыңнан азаймай тұр. Ал аптаның басында тіпті 5 мыңға жуықтаған. Бұл 9 миллионға жуық халқы бар мемлекет үшін жоғары көрсеткіш. Сол себепті билік қайтадан карантин енгізіп отыр.

Томер Мур, мейрамхана иесі:

– Бұл енді шектен шыққандық. Біз қайтадан коменданттық сағат пен карантин енгізу салдарынан банкротқа ұшыраймыз. Сондықтан осында келіп, өз наразылығымызды білдіріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы