420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бензин бағасы қай өңірлерде қымбаттаған

  • 56
  • UPD: 09:51, 17.09.2020
Бензин бағасы қай өңірлерде қымбаттаған

Биылғы қаңтар-шілде айларында республикада мұнай өнімдерінің жалпы өндірісі 10,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% аз.

Дегенмен бензин өндірісі жыл басынан бері 2,9 млн тоннаны құрап, бір жыл ішінде 3,3% артты, деп хабарлады energyprom.kz.

Тамыз айында бензин бағасы өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 2,4% қымбаттады. Бағаның едәуір қымбаттауы Жамбыл (5,7%) және Алматы (4,3%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (4,2%) тіркелді.

АИ-98 маркалы бензин бір жыл ішінде 2,6%, танымал АИ-92 бензині 2,5%, АИ-95/96 маркалы бензин 1,2% қымбаттады. Дизель, керісінше, сәл арзандады – 1,2%.

Хабар 24 телеарнасы