420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде төрт мыңдай адам коронавирустан емделіп жатыр

  • 63
  • UPD: 09:54, 17.09.2020
Елімізде төрт мыңдай адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 916 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 35 бала бар. Стационарларда 2 202 науқас жатыр, 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ДСМ хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы