420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте заңсыз ойын залдары анықталды

  • 58
  • UPD: 10:03, 17.09.2020
Шымкентте заңсыз ойын залдары анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Заңсыз ойын залдары республикалық «Стоп-игра» жедел-профилактикалық шара аясында анықталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Шымкент қаласының екі мөлтек ауданында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегімен ақшалай ұтыс беретін лото-терминалдар қызметінің жолы кесілді.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен қала тұрғыны ҚР ҚК 307-бабының 1-б. сәйкес (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Тәркіленіп алынған айғақты заттар (7 лото терминал) мемлекет пайдасына өндірілді.

Хабар 24 телеарнасы