426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қорғас ісі» бойынша 390 млн теңге Швейцариядан қайтарылды

  • 86
«Қорғас ісі» бойынша 390 млн теңге Швейцариядан қайтарылды

Швейцарияның Федералдық билігі «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері жымқырған 390 млн теңгеден астам қаражатты Қазақстанға қайтарды.

Бұл қаражат 2012 жылдан бастап осы іске қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздестіруде болған Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі. Айта кетейік, 2019 жылы осы іс бойынша мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 млн теңге қайтарылған болатын. Осылайша шетелден активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде түскен қаражаттың жалпы сомасы 1,3 млн АҚШ долларын құрайды.

Хабар 24 телеарнасы