Шымкенттің екі мөлтек ауданында заңсыз ақшалай ұтыс беретін лото-терминалдар қызметі тоқтатылды.
Сот үкімімен ойын бизнесін ұйымдастырған қала тұрғыны кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. 7 лото терминалы тәркіленді. Атап өтейік, бұған дейін Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.