429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келесі жылы Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады?

  • 138
  • UPD: 14:23, 17.09.2020
Келесі жылы Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады?

Келесі жылдан бастап 13 жол ақылы болады.

Елорда тұрғындары үшін енді Павлодар, Қостанай, Троицк қаласына транзиттік көлік дәлізі ақылы. Сонымен қатар Орал-Саратов, Қапшағай-Талдықорған,Тараз-Қайнар, Қызылорда-Шымкент-Тараз, Шымкент-Өзбекстан шекарасы, Орынбор - Ақтөбе - Қызылорда автожолдарында көлік жүргізушілерінен ақы алу жүйесі іске қосылады. Бұдан бөлек, Ақтөбе-Орал-Самара, Павлодар-Омбы, Ақтау-Бейнеу, Павлодар-Семей-Қалбатау, Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасының жолы да ақылы. Ал 2022-2024 жылға дейін бұл тізім толықтырылады.

Хабар 24 телеарнасы