421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендегі балабақшалардың бірінде тұз бөлмесі ашылды

  • 382
  • UPD: 14:27, 17.09.2020
Өскемендегі балабақшалардың бірінде тұз бөлмесі ашылды

Өскемендегі білім беру орындарында коронавирус инфекциясының алдын алып, иммунитетті көтеру үшін барлық қам жасалып жатыр.

Әсіресе мектепке дейінгі мекемелер бұл тұрғыда көпке үлгі болуда. Мәселен, қаладағы ірі балабақшалардың бірінде тұзды бөлме ашылды. Педиатр мамандар бұл бала денсаулығын дәрі-дәрмексіз нығайу үшін жақсы әдіс деп санайды.

5 жастағы Зере – тұзды бөлмеге келуді асыға күтетіндердің бірі. Өйткені ертегі әлеміне тап болғандай күй кешеді. Дегенмен ол кішкене болса да, тұздың денсаулық үшін пайдасы жайлы біршама хабардар болып қапты.

Зере Ерболқызы, тәрбиеленуші:

– Тұз пайдалы, бізге апайымыз күнде тұзға келіп отырсақ жақсы, ауырмаймыз деді.

Тұзды үңгірдің баламасы саналатын осы бөлмені жарақтау үшін 2,5 миллион теңге жұмсалыпты. Балалар оған 4-5-тен топтанып кіріп 20 минуттай отырады.Осылайша әр бала 10 сеанс қабылдайды. Күз басталса болды, кішкентайлары жиі сырқаттанатын ата-аналар үшін бұл үлкен қолдау болды.

Данара Хамитова, ата-ана:

– Менің балам жиі ауырады, сондықтан осындай бөлме ашылғанына қуаныштымын. Ақылы түрде барсақ, бұл қымбат болар еді бізге, ал біздің балабақшада тегін ашылғанына біз қуаныштымыз.

Дәрігерлер тек суық тиіп, салқындаған кезде ғана емес экзема, дерматит сияқты тері ауруларына да емдеуде де бұл таптырмаймын әдіс дейді.

Мөлдір Муталипова, дәрігер-педиатр:

– Тұздың микробөлшектері қанға кіріп, дистолиннің деңгейін қалыпқа келтіреді, сол арқылы организмге бронхо иммунды, иммунитетті көтеру мақсатында және қабынуға қарсы әрекет етсе, балалардың жағдайы дәрі-дәрмексіз ақ жақсарғаны бірден байқалады.

COVID-19 өршіп тұрған сәтте мұндай шараларды күшейтудің еш артығы жоқ дейді тәрбиешілер. Сондықтан тіпті мекеме ішін хлор таблеткаларының буымен залаласыздандыратын құрал да сатып алыпты. Айтуларынша, ол қауіпсіз әрі өте қолайлы аппарат екен. Балабақша ұжымы осындай кешенді дайындық арқасында жұқпалы кеселдің жаппай белең алуына қарсы тұрамыз деген сенімде.

Авторлары. Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы