420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Жұмыспен қамтудың жол картасы жобаларына 12 мыңнан астам адам қатысуда

  • 39
  • UPD: 14:30, 17.09.2020
Елордада Жұмыспен қамтудың жол картасы жобаларына 12 мыңнан астам адам қатысуда

Нұр-Сұлтанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобаларын жүзеге асыруға 12 мыңнан астам адам қатысуда.

142 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Елордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша қала нысандарын жөндеу және қайта құру жалғасуда. Қазіргі уақытта жобаларды іске асыруға 12 274 адам қатысып жатыр, оның 6813-і Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

17 қыркүйектегі жағдай бойынша 142 жоба аясында жұмыс жүргізіліп жатыр. Білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын, отын-энергетика кешені мен инженерлік коммуникацияларды салу және жөндеу жұмыстары жалғасуда.

«Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру механизмі келесідей жүзеге асырылады. Мердігер жұмыс берушілер Жұмыспен қамту орталығына қажет мамандар, жұмыссыздарды жұмыспен қамту жоспары, сондай-ақ белсенді жұмысшылар саны туралы ақпарат береді. Бүгінгі күні азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 81 жұмыс беруші-мердігермен ниет хаттамасына қол қойылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға Бизнестің жол картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысуды ұсынады. Барлық елорда тұрғындары, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда тұрақты тұруға рұқсаты жоқ азаматтар қатыса алады. Жұмысқа орналасу үшін елорданың Жұмыспен қамту орталығына хабарласу керек. Жүзеге асырылып жатқан жобалар тізімімен және бос жұмыс орындарымен сілтемесі арқылы танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Жұмыспен қамтудың жол картасының негізгі мақсаты – жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және елді мекендерде инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасау.

Хабар 24 телеарнасы