426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да құс тұмауы тараған 7 аудан карантинге жабылады

  • 143
  • UPD: 16:44, 17.09.2020

Солтүстік Қазақстан облысындағы жеті ауданда құс тұмауы тіркелді.

Оның адам ағзасына зияны жоқ. Тиісті сараптама елордада жасалған. Оның қорытындысы бойынша бұл дерт құс тұмауының AH5 түріне жататыны анықталды. Қазір ауру шыққан Якорь, Алабота, Чкалов, Тимирязево, Новорыбинка, Шұқыркөл, Чернобаевка ауылдары мен Сергеевка қаласында карантин жарияланып, зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірде шамамен 7 мың құс қырылған. Салдарынан шығынға батқан шаруаларға нарықтағы орташа баға ескеріліп, өтемақы төленетін болады. Ол үшін мамандар фермерлердің үйлерін аралап санау жүргізбек. Ал әзірге аталмыш елді мекендерде құс еті мен оның өнімін сатуға тыйым салынған. Айта кетейік, құс тұмауы Ресейдің шекаралас аймақтарында өршіп тұр. Сол себепті Қазақстан шекарасында көліктерді зарарсыздандыру бекеттері қойылады.

Берік Әлжанов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

– Республикалық қордан 780 мың доза вакцина бөлінді. Осы вакцинамен барлық құс егіліп, құс тұмауының әрі қарай таралмауына біз әрекет жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы