420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда қаржылық пирамида құрған азаматша ұсталды

  • 53
  • UPD: 14:54, 17.09.2020
Қарағандыда қаржылық пирамида құрған азаматша ұсталды

Қарағандыда қаржылық пирамида құрған азаматша ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

16 қыркүйек күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына 27 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен.

Азамат өз арызында бизнеспен айналыспақ болып, 2019 жылдың тамыз айында қомақты қаражат табуға көмектесуге уәде берген бір фирманың басшына жолыққанын айтқан. Тиісінше бірден «байлыққа белшеден батырамын» дегеніне сенген жәбірленуші ол фирмаға үстеме ақы табу мақсатында тоғыз миллион теңге қаржы құйған. Алайда арада жыл өткенде не үстеме ақы, не өзінің салған тоғыз миллион теңгесін ала алмаған жәбірленуші қаржы пирамидасының арбауына түскенін сезіп, полицияға арызданған.

27 жастағы жәбірленуші жалған фирманың басшысы 51, 58 жастағы азаматшалар мен 24 жастағы азамат екенін айтқан. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген тиісті шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 58 жастағы күдікті азаматша ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері басқада күдіктілерді іздестіруде.

Хабар 24 телеарнасы