424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы машина жасаушыларға үндеу жасады

  • 134
  • UPD: 16:15, 17.09.2020
Мемлекет басшысы машина жасаушыларға үндеу жасады

Бүгін, 17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан машина жасаушыларының сегізінші форумы өз жұмысын бастады.

Іс-шара онлайн-форматта өтеді. Форумға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, деп хабарлады ҚР ИИДМ.

«Құрметті форум қатысушылары! Сіздерді Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумының ашылуымен құттықтаймын!

Форум мемлекет пен бизнестің жүйелі диалогы, машина жасау саласының өзекті мәселелерін шешу үшін сұхбат алаңына айналды. Биыл шаралардың басым бөлігі онлайн режимде өтіп жатыр. Бұл форум да солай өтуде және шара аясында І Халықаралық машина жасау және металл өңдеу онлайн-көрмесі ашылды.

Пандемияға байланысты қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайға қарамастан отандық машина жасау саласы биыл 14 пайыздық жақсы өсім көрсетіп отыр. Осы көрсеткіш бойынша машина жасау саласы еліміздің бүкіл өңдеуші секторында алдыңғы орынға шықты.

Жолдауымда нағыз әртараптандырылған, технологиялық дамыған экономика құру, өңдеу өнеркәсібі өндірісі көлемін 1,5 есе арттыру сияқты тапсырмалар жүктелді», - деп атап өтті ҚР Президенті өз сөзінде.

Мемлекет осы мақсатта отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіріп, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылданады.

«Жаңа жағдайдағы Қазақстанның машина жасау саласы өзінің қарқынды дамуын жалғастыратынына сенімдімін. Саланың өндірісті кеңейтуге және экспортты арттыруға айтарлықтай әлеуеті бар. Барлықтарыңызға жемісті жұмыс және алға қойылған мақсаттарға жетуді тілеймін!», - деді Мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы