424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері 69,8 млн тонна көмір өндірілді

  • 80
  • UPD: 16:15, 17.09.2020
Жыл басынан бері 69,8 млн тонна көмір өндірілді

Көмір өндіруші компаниялардың жедел деректері бойынша 2020 жылдың 8 айында 69,8 млн тонна көмір (көмір концентратын есептемегенде) өндірілді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1% артық (69,1 млн тонна).

Қазіргі уақытта көмір елдің ішкі нарығына мынадай көлемде жеткізіледі:

– энергия өндіруші кәсіпорындарға 37,0 млн тонна көмір тиесілі. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2% артық (36,3 млн тонна);

– өнеркәсіп орындарына 4,0 млн тонна көмір тиесілі;

– коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 4,6 млн тонна көмір тиесілі.

Соның негізінде көмір экспорты шамамен 19,0 млн тоннаны немесе 104% (18,3 млн тонна) құрады.

Хабар 24 телеарнасы