426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтын ұрлаумен және контрабандамен айналысқан бірнеше топ құрықталды

  • 94
  • UPD: 17:12, 17.09.2020
Алтын ұрлаумен және контрабандамен айналысқан бірнеше топ құрықталды

ІІМ қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Polisia.kz.

ҰҚТ мүшелері Ақмола облысының кәсіпорындарында шикізат ұрлаудың қалыптасқан схемасын қолданған. Шикізат алдымен жасырын шағын цехтарда өңделіп, содан соң елден шығарылып отырған.

Арнайы операция барысында полицейлер контрабанданың ірі арнасын жойып, 10 адамды ұстады. Айғақ заттар алынып, техникалық құралдар тәркіленді. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған бап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздеген. Жедел тергеу шаралары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы