420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды қоғамдық көліктері электрондық билетке көшті

  • 55
  • UPD: 17:33, 17.09.2020
Қарағанды қоғамдық көліктері электрондық билетке көшті

Жаңа жоба қазір тесттік жүйеде тексеріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер сәтті өтсе, желтоқсан айынан бастап кондукторлар болмайды. Ал әзірге картамен де, ақшалай да есеп айырысуға болады. Бүгінде қаладағы 560 автобустың барлығына жол ақысын қабылдайтын арнайы қондырғы орнатылған. Смарт-картаның құны – 600 теңге. Жобаны инвесторлар қаржыландырып отыр.

«Жаңа жүйенің арқасында қоғамдық көліктегі қызмет көрсету сапасы жақсарады. Әрі күніне қанша адам тасымалданып, қанша табыс түскенін, жүргізушінің қанша айналым жасағанын бақылап отырамыз», – дейді жауапты мамандар.

Ескендір Қабидолла, қалалық Жолаушылар транспорты секторының меңгерушісі:

– Автобус жүргізушілеріне енді күнделікті жоспарды орындап қажет емес. Тек тапқан табысын тапсырса болғаны. Ең бастысы, жүру кестесін қатаң сақтау керек. Себебі бұған дейін қоғамдық көлік жүргізушілері жоспарды орындауға асығып, қажетті ақшаны жинаған соң, жұмыстан тайып тұратын. Енді оған жол берілмейді, жүрісін бақылап отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы