420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркітілдес елдерге ортақ құқықтық терминология кітабы әзірленеді

  • 49
  • UPD: 17:31, 17.09.2020
Түркітілдес елдерге ортақ құқықтық терминология кітабы әзірленеді

Қазақ, қырғыз, әзербайжан және түрік тілдеріндегі құқықтық терминдердің ортақ анықтамалығы әзірленбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев түркітілдес елдер Парламенті ассамблеясының бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесуде осы анықтамалықты дайындау идеясын қолдады. Түркітілдес елдер Парламенті қолға алған бұл жоба ұйымға мүше елдердің заңнамалық іс-қағаз жұмысын жеңілдетуге сеп болады. Бұдан бөлек кездесуде індетпен бірлесе күресу жолдары мен ұйымның қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Айта кетейік, түркітілдес елдерінің парламентарийлері алдағы уақытта өтетін мерейтойлық жиынға дайындық үстінде.

Хабар 24 телеарнасы