420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қолданыстан тыс алқаптарды тәркілеу жұмысы әлсіз жүргізіліп жатыр

  • 53
  • UPD: 17:34, 17.09.2020
Қолданыстан тыс алқаптарды тәркілеу жұмысы әлсіз жүргізіліп жатыр

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында айтылды.

Арнайы инспекциялар Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында жерді қашықтықтан зондтау пилоттық жобасын жүзеге асырды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы алқаптарының едәуір бөлігінің бос жатқаны анықталған. Сондай-ақ жиында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Мемлекеттік хатшы әкімдерге осы мақсатта жер учаскелерін тез арада бөлу қажеттілігін атап өтті. Жергілікті атқарушы органдар аталған түткілдерді шешу кезінде жұмысты барынша ашық жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы