432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда коронавирус жағдайына 5000 төсек-орын дайындалады

  • 158
  • UPD: 20:59, 17.09.2020

Талдықорғандағы бұл көпбейінді емхана коронавирустық пандемия кезінде провизорлық орталық ретінде жасақталған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Осында 274 пациент ем қабылдады. Жақында мекеме қайтадан бұрынғыдай штаттық режимдегі жұмысқа кіріскен. Қазір емхана жанынан үйлестіру орталығы ашылды. Енді қажет болса, мамандар бейнебайланыс арқылы науқастардың жай-күйі туралы шұғыл кеңес өткізе алады.

Жұмақан Молдағұлов, қалалық көпсалалы аурухана директоры:

– Төсек санын 200-ге және реанимациялық орынды 20-ға ұлғайттық. 20 ӨЖЖ аппараты дайын тұр. Сақтық костюмдері мен дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар.

Індет қайталанса, облыс бойынша 5280 төсек орынды жедел арада жасақтауға мүмкіндік бар. Қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға 7 млрд 300 млн теңге бөлінген. Оған жоғары жылдамдықты компьютерлік томография, цифрлық рентген аппараттары мен виброакустикалық құрылғылар алынған. Жасанды желдету құрылғысының жалпы саны 520-ға жеткізілмек. Бұдан бөлек санитарлық автокөлік алынып, кадр мәселесі шешіліп жатыр.

Өмірзақ Ниязбеков, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– ЖОО-мен меморандум бар. ЖОО резиденттері бізден сабақ өтіп, одан соң жұмыс істейді. Олардың ішінде инфекционист, хирург, акушер-гинеколог пен реаниматолог және басқа да тапшы мамандар бар.

Ал салынып жатқан модульдік-инфекциялық аурухана 200 орынға шақталған. Оның 20-сы реанимациялық орын болады. Оған «ақылды емхана» жүйесі орнатылып, науқастардың денсаулығын тәулік бойы қадағалауға мүмкіндік туады. Нысан пайдалануға келер айда, яғни коронавирустық індеттің екінші толқыны басталуы ықтимал деген мерзімге дейін берілмек.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Әділхан Сахари

Хабар 24 телеарнасы