423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау күшейеді

  • 432
  • UPD: 20:39, 17.09.2020
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау күшейеді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жақсарту бойынша үйлестіру кеңесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Үкімет тарапынан биыл аталған санаттағы жандар үшін 435 млрд теңге бөлінді. Келесі жылы қаржыландыру 457 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

Қазір елде алғаш рет мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «мамандықтар атласын» әзірлеу бойынша жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыс берушілерге, жұмыспен қамту орталықтарына және HR саласындағы жеке агенттіктердің адамдарға қолайлы бос жұмыс орындарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта әлеуметтік көмекті жақсарта түсу үшін заңға да толықтырулар енгізіледі. Оның да жобасы бүгін онлайн өткен жиын барысында таныстырылды.

Хабар 24 телеарнасы