432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы толассыз жаңбыр егін оруға тежеу болып тұр

  • 216
  • UPD: 20:39, 17.09.2020
Қостанай облысындағы толассыз жаңбыр егін оруға тежеу болып тұр

Қостанай облысында егін орағы осы аптаның ішінде аяқталуы тиіс еді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Алайда соңғы екі-үш күн бойы толассыз жауған жаңбыр жиын-терін жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр етті. Қазір орылмаған 400 мың гектар қалды. Бұл – жалпы егін алқабының 11%. Бастапқыда жазғы құрғақшылыққа байланысты биыл астық көлемі 3 млн тоннадан аса қоймас деген болжам айтылған. Бірақ қазірдің өзінде қамбаға 3,5 млн тонна жеткізілді. Бидай сапасы былтырғыдан жоғары. «Алайда соңғы йкүндердегі жауын-шашын өз әсерін тигізері анық», – дейді мамандар.

Әділжан Смаилов, агрохолдигтің аймақтық директоры:

– Қамырлылығы – 30-32. Бұл – жақсы көрсеткіш. Дәннің шашылуы, зақымдануы байқалмайды. Жауынға байланысты қамырлылықтың шайылуы мүмкін. Қалай дегенмен де, 40-50 мм ылғал түсті ғой. Екі күн тұрып қалдық. Тағы екі-үш күн кебуін күтеміз. Алдағы екі аптаның ішінде егін орағын толық бітіреміз деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы