427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жаңа кәсіпорындар жұмысын бастады

  • 400
  • UPD: 23:04, 17.09.2020

Орталық Азияда теңдесі жоқ кәсіпорында жылына алюминий құтысының 500 млн данасы шығарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Өндіріс орнындағы жаңа технологиялардың көмегімен отандық сұраныстың 70%-ін жабуға мүмкіндік бар.

Рустам Сухов, «Kazalpack» ЖШС құрылтайшысы:

– Қазір елімізде алюминий құтыларына сұраныс бар. Себебі бұрындары мұндай өнім елімізде шығарылмайтын. Бұлар Ресейден әкелінетін. Логистика тасымалы болған жерде баға да жоғары болады.

Индустриалды аймақтағы шыныдан өнім өндіретін зауыттың да жұмысы қызу. Бүгінде мұндай ыдыстар сұраныста. Сапасына шетелдіктер де қызығып алып жатқан көрінеді.

Бұл – шаһардағы металл құрастыратын ең ірі зауыт. Жобаға шетелдік инвесторлар да қаржы құйыпты. Қазір өндіріс орнында алғашқы құрылысқа қажетті материалдар дайындалып жатыр. Ал толық түрде жұмысын бастағанда жылына 500 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. 300-дей азамат жұмыспен қамтылады.

Айман Әмірбекова, «Sin Yuan Stell» ЖШС құрылтайшысы:

– Жұмысты бастағанымызға 10-15 күн болды. Үшбұрыш, төртбұрыш швеллер арматуралардың 8-інші өлшемінен бастап 26-ыншысына дейін істеп жатырмыз.

«Мегаполисте бұдан да басқа миллиардтаған қаржыға түрлі жобалар жасау жоспарланған», – дейді әкімдіктегілер. Қалада жаңа жұмыс орындары құрылып, кәсібін дамытамын дегендерге мүмкіндіктер туындайды.

Айбек Сәттібаев, қала әкімінің орынбасары:

– Жобалардың көбі кәсіпкерлікті қолдау картасында отыр. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

Келешекте индустриалды аймақта фармацевтика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласындағы жаңа кәсіпорындар ашылмақ.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы