427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы әлеуметтік қызметкерлерге қосымша төлем беріледі

  • 240
  • UPD: 23:02, 17.09.2020

Зимовье ауылындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 200-ден астам науқас тұрып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Мекемеде 187 адам еңбек етеді. Облыстық кәсіподақ ұйымының жетекшілері олармен жүздесіп, жағдайларын білді. Өйткені еңбекшілердің мүддесін қорғап, мұқтаждықтарын билікке жеткізу – кәсіподақтың басты міндеті.

Темірбек Қасымжанов, облыстық «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:

– Біріншіден, лайықты еңбекке лайықты еңбекақы беру. Екіншіден, жұмысшылардың жұмыс орнындағы техникалық және эпидемиологиялық қауіпсіздігін сақтау. Үшіншіден, еңбек беруші мен еңбек адамы арасындағы қарым-қатынасты реттеу болып табылады.

Жалпы өлкеде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мамандарының барлығы карантин кезінде мекеме ішінен шықпай, үй бетін көрмей еңбек етті. Осы жанкешті жұмыстары үшін қызметкерлерге қосымша төлем жасау мақсатында облыс қазынасынан 43 млн теңге бөлінді.

Гүлдариға Ақай, орталық қызметкері:

– Жұмысымыз өте ауыр болды. Өйткені екі апта кезекпен ауысып істедік. Екі апта үйде болдық. Карантин тәртібін сақтағандықтан, ешқандай ауру шыққан жоқ.

Мұнымен қоса осындай мекеме ғимараттарын жөндеп, қажетті құралдармен жабдықтау үшін 1 млрд теңгеден астам қаражат жаратылды. Сондай ақ әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 30%-ке көбейтілді. Ауыр сырқаттарға күтім жасалатын мұндай орталықтар үшін мемлекеттік қолдаулар әлі де жалғаспақ.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы