432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық QazCovid-in екпесі клиникалық сынақтан өте бастады

  • 193
Отандық QazCovid-in екпесі клиникалық сынақтан өте бастады

Елімізде коронавирусқа қарсы қазақстандық екпені клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары басталды.

Отандық QazCovid-in вакцинасын Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының мамандары жасап шығарған. Екпе 18 бен 50 жас аралығындағы дені сау азаматтарға салынады. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтауға арналған сынақтың алғашқы кезеңіне коронавирус жұқтырмаған 44 адам қатысады. Ал иммуногендік зерттеуге бағытталған екінші кезеңге 200 адам ниет білдірген. Клиникалық сынақтар Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы мен Клиникалық медицина және зерттеулер орталығында жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы