427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Газдың текше метрі 45 теңге болады

  • 532
Газдың текше метрі 45 теңге болады

Елордада табиғи газдың тарифі бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Енді үйінің жылу жүйесін газға қосқан тұрғындар көгілдір отынның текше метрі үшін 45 теңге төлейді. Бұған дейін баға 60 теңге болған еді. Бүгінде «Железнодорожный» тұрғын алабында газ тарату желілерін тарту жұмысы 100% аяқталды. Ал «Промышленный» және «Көктал-2» тұрғын алаптарындағы жұмыс 95%-ке, «Көктал-1» тұрғын алабында 80%-ке аяқталған.

Мақсат Есмағұлов, қалалық Отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы:

– Жылдың соңына дейін 8 мың үйдің газға қосылу мүмкіндігі болады. Әрбір үйдің алдына газды әкеп қоямыз. Тұрғын алаптарын қыркүйек айының соңынан бастап газға қосатын боламыз. Қазіргі кезде оларды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Табиғи монополияларды зерттеу комитетімен бірге үлкен жұмыстар жасадық. Қазіргі кезде газдың бағасы шамамен баға 45 теңге болып бекітілді. 60 теңгеден 45 теңгеге түсірдік.

Хабар 24 телеарнасы